reviews

COVID-19

«ALMATY RESORT» САНАТОРИЙІНДЕ ПНЕВМОНИЯ МЕН ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНАН КЕЙІН ОҢАЛТУ

Пневмонияның кез-келген түрі, оның ішінде өкпенің қабынуы - өте қауіпті ауру. Ықтимал асқынулардың арасында тіндердің фиброзы, өкпеде сұйықтықтың жиналуы (плеврит), тыныс алу жеткіліксіздігі, қанның оттегімен қанығуының төмендеуі және т.б. кездеседі.

COVID-19-бен байланысты пневмония кезінде кейбір науқастарда оның ешқандай белгілері байқалмасы,  ал кейбір науқастарда ол өте ауыр болуы мүмкін. Бұл ауру кезінде өкпе ғана емес, сонымен бірге дененің басқа мүшелері мен жүйелерінің функциясы да бұзылады.

«Almaty Resor» санаторийінде аурудың жағымсыз салдарын азайтуға, сондай-ақ күрделі асқынулар қаупін азайтуға ықпал ететін кешенді оңалту бағдарламалары әзірленді.

Санаторийде пневмониядан кейін оңалтудың негізгі міндеттері:

  • Өкпе фиброзының алдын-алу (оларда тыртықтың пайда болу процесі, өйткені ол өкпенің жұмысына жағымсыз әсер етеді);
  • Тыныс алу жеткіліксіздігінің алдын алу;
  • Өкпе тінінің қалпына келуін тездету;
  • Тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын қалпына келтіру;
  • Өкпеде ғана емес, сонымен қатар дененің басқа мүшелері мен жүйелерінде болатын асқынулардың алдын алу;
  • Дене күші пен жұмысқа қабілеттікті тез қалпына келтіру.

Стационардан шыққаннан кейін оңалтуды 10-15 күннен кейін бастау керек. Санаторийге келер алдында өзіңізбен бірге 2 тәулік бұрын алынған нәтижесі теріс COVID-19-ға ПТР-тест  талдауы болуы қажет.

Санаторийде тексеріліп-қаралу:

  1. Терапевт кеңесі - науқастың жағдайын бағалайды, диагноз бен ілеспе патологиялардың болуын анықтайды.
  2. Функционалдық диагностика - спирография, ЭКГ.
  3. Зертханалық диагностика - қан мен зәрді жалпы клиникалық және биохимиялық зерттейді.
  4. Кардиологтың кеңесі - дәрігер пневмонияның салдарынан жүрек-қан тамырлары бұзылыстарының қатерлерін бағалайды.
  5. Физиотерапевт кеңесі - терапевт қорытындысы мен тексеру нәтижелері негізінде физиотерапевтік ем-шаралар жүргізудің оңтайлы параметрлері мен жиынтығын анықтайды.
  6. ЕДК. Арнайы тыныс алу гимнастикасын үйретеді.
  7. Парентеральды терапия. Күндізгі стационар жағдайында дәрілік заттарды тамыр ішіне енгізеді, бұлшықетке инъекциялар жасайды. Инфекцияның қалдық ошақтарын жою үшін дәрі-дәрмектермен кешенді емдейді, ауру кезінде ағзаның улану салдарымен күреседі, өкпенің, бауырдың және дененің басқа мүшелерінің зақымдалған тіндерін қалпына келтіру процестерін іске қосады.

Санаторийде емдеу мен оңалтудың физиотерапиялық әдістерінің 10-15 күндік курсымен бірге ультрадыбыстық терапия, электрмен, магнитпен және лазермен емдеу, СМТ, электрофорез, емдік массаж, галотерапия, жүзу, климатпен емдеу, бальнеотерапия және т. б. сияқты ем-шаралар қолданылады.

«Almaty Resort» санаторийінде оңалтудан кейін Сіз қалыпты өміріңізге оралып, асқынулардан арылып, толыққанды дем ала аласыз!

Eye