News

Өкпе күтіміне арналған ең тиімді 5 әдіс

Таза ауа, дұрыс тыныс алу және ағзаны қалпына келтіру — өкпе саулығының негізі. Бұл әсіресе мегаполис тұрғындарына, жоғары жүктемемен жұмыс істейтін адамдарға, аллергиясы бар жандарға немесе аурудан кейінгі қалпына келу кезеңінде өте маңызды. Біздің шипажай тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартып, жалпы әл-ауқатты нығайтуға көмектесетін емдік процедураларды ұсынады. Өкпе саулығын қолдауға арналған ең танымал бес әдіс туралы айтып береміз.
Қарағайлы ормандағы емдік серуен
Almaty Resort шипажайының басты ерекшеліктерінің бірі — аумағы 21 гектарды құрайтын, ғасырлық қарағайлар өсетін саябақ аймағы мен таза тау ауасы. Терренкур бағыттарымен серуендеу тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартып, төзімділікті арттырып, ағзаны оттегімен қанықтырады. Табиғат аясындағы қалыпты физикалық белсенділік ағзаның жалпы жағдайына оң әсер етіп, күйзелісті азайтуға көмектеседі.
Оттегі коктейлі
Медициналық блоктың бірінші қабатында сізді оттегі коктейлімен қуана қарсы аламыз. Бұл — құрамында 90–95% оттегі бар көпіршікті сусын. Ол гипоксиямен күресуге және ағзаны нығайтуға арналған. Коктейль шырын не қайнатпа сияқты сұйықтық пен арнайы көбік түзуші қоспадан тұрады. Ас қорыту жолдары арқылы оттегі тыныс алуға қарағанда 10 есе қарқынды сіңіріліп, шаршауды азайтып, мидың жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Тұзды шахта
Шипажайда екі заманауи әрі жайлы тұз бөлмесі жабдықталған: біреуі ересектерге, екіншісі балаларға арналған. Әр галокамераның қабырғалары мен едені табиғи тұзбен қапталған. Ауаға тұздың ұсақ бөлшектері шашылып, тұз үңгірлеріне ұқсас ерекше микроклимат қалыптасады. Мұндай процедуралар иммунитетті нығайтып, тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады, аллергия мен өкпенің созылмалы аурулары кезінде пайдалы әсер береді.
Сутекті терапия
Молекулалық сутекпен емдеу — шипажай қонақтарының сүйікті процедураларының бірі. Кешенді емдеу аясында қолданылатын сутекті терапия созылмалы ауруларға оң әсер етіп, пациенттердің жалпы жағдайын жақсартады. Нәтижесінде қан қысымы тұрақтанып, ұйқы қалпына келеді, бас ауруы азаяды, қандағы глюкоза деңгейі төмендейді, аллергиялық реакциялар, жөтел мен ентігу бәсеңдейді, сондай-ақ ұсақ қан тамырларындағы қан айналымы жақсарады.
Murakami терапиясы
Ағзаны қалпына келтіруге және өкпе саулығын қолдауға арналған тағы бір заманауи процедура — Murakami сутекті терапиясы. Бар болғаны 45 минут ішінде ағза оттегімен қанығып, тыныс алу жеңілдейді, шаршау басылып, сергектік пайда болады. Қосымша әсерді вибро-платформадағы аяқ массажы қамтамасыз етеді: ол қан айналымын жақсартып, терең босаңсуға көмектеседі.
Назар аударыңыз! Барлық процедуралар тек дәрігердің кеңесі мен тексеруінен кейін, анықталған диагноз, көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып тағайындалады. Шипажайлық-курорттық емдеу бағдарламасына кірмейтін кейбір процедуралар ақылы. Қабылдауға жазылу немесе толық ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (727) 300 35 00