News

Басқару партиясын заманауиландыру

«Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» Филиалында 19.04.2022 жылы «Аманат» БАФ кестесі бойынша «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалы саяси кеңесінің Бюро мүшесі, «Психикалық денсаулық орталығы» директоры С.К.Рахменшеевпен және «ОҚ-ЖЕТПЕС» бастапқы партия ұйымының мүшелерімен жоспарланған кездесу өтті.

Кездесуде 2022 жылдың 1 наурызында өткен партияның кезектен тыс ХХII съезінде қабылданған заманауиландыру және «Nur Otan» партиясын «Аманат» деп өзгерту туралы мәселелер қозғалды. 

С.К.Рахменшеевтің сөйлеген сөзінен үзінді: -  ««AMANAT» –

бұл - қалыптасқан, тәуелсіз және қабілетті институт. Оның барлық қажетті – ұйымдастыру, материалдық-техникалық, кадрлық, тармақталған филиалдық желі, үлкен сайлау тәжірибесі, қалыптасқан ойлы белсенділер негізі және сенімді қолдаушылары, нақты идеологиялық платформа ресурстары бар».