News

Әр сауықтыру орнының ерекше өз тәсілі бар

«Almaty Resort» - бұл бірегей және ғажап саябақ. Ол 19 гектар жерді алып жатыр. Саябақта не өспейді десеңіздерші – қылқан жапырақты ағаштар, қайың, емен, терек, каштан ағаштары, сирень, алма ағаштары, өрік, барлығы - екі мың ағаш.

Ең кәрі талдың өсіп тұрғанына  55 жыл болды, осы жылы шипажайға да соншама жыл толады, бұл тал шипажайдың ашылу салтанатында отырғызылған болатын. Кәрі тал саябақтың қақ ортасында жайқалып тұр және де демалушылардың жанына сая, олардың көз қуанышына айналды. Саябақты он маман мұқият баптап, күтіп ұстайды.

Өткен демалыста барлық қызметкерлер дәстүрлі сенбілікке шығып, саябақ аумағын тазалауға көмектесті.

Айта кеткен жөн, денсаулық жолымен жаяу жүру - шипажайдың сауықтыру бағдарламасына кіреді. 

Бізге демалуға келіңіздер!