News

7 мамыр - Отан қорғаушылар Күні

1992 жылдың 7 мамырында Республика Үкіметі Қазақстанның Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. 2012 жылы осы мереке «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылуына байланысты заңнамалық деңгейде мемлекеттік маңызға ие мәртебе алды. Содан бері 7 мамыр Отан Қорғаушылар Күні болып жарияланды.

Қазақстан Еуро-Атлантикалық серіктестік Кеңесінің мүшесі болып табылады және «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қатысады. Әскерлердің шығу тегі және түріне қарамастан жалпыәскери дайындығы, әскердің жауынгерлік дайындығының тиімділігін арттыру үнемі еліміздің басшылығының назарында болады. Әскери қызметшілердің кәсібилігін көтеру үшін барлық шаралар қолданылады, көптеген жас жігіттер үшін өсу жолындағы алғашқы қадамы болып табылатын әскери қызметтің беделі өсті.

Қазақстандық жас ұрпақ әскерге шақырылғанға дейін ерік күшін нығайтуы, төзімділікке үйренуі, жалпы физикалық дайындықты дамыту үшін жорықтар мен спорттық жарыстарға қатысуы, мінездің беріктілігін және отансүйгіштік рухтың қалыптасуына машықтануы тиіс. Өскелең ұрпақты, оның ішінде «Оқ-жетпес» «Алматы» Филиалында жұмыс істейтін жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу – бұл болашақта еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан да Отан қорғаушылар Күнінің айрықша ұлттық маңызы бар.

9 мамыр – Жеңіс Күні қарсаңында атап өтетін бұл мереке тәуелсіз Қазақстанның заманауи қорғаушыларына ерлік пен абыройы үлгі болатын Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін де өте маңызды.

Қай заманда да әскерде қызмет ету – өте лайықты және қажетті іс.

Отанды қорғау – әр қазақстандықтың борышы!