News

Almaty resort командасы үнемі өз біліктіліктерін жетілдіріп отырады

Біз әрбір жаңалық пен алға басуды қуана қабылдаймыз. Осы күндері біздің мамандар атақты бизнес тренері Елена Безруковадан білім алуда.

Тренинг «Мейрамхана бизнесі», «Басшылардың, қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілік курстары», «Тұлғалық өсу» сияқты тақырыптарды қамтиды.

-Біз қызметкерлерді қонақжайлылық дағдыларына, қонақүй бизнесі саласындағы жаңа әзірлемелерге үйретеміз, бағдарламаға тимбилдингті, және де шипажай саласын табысты ететін дүниелерді қосамыз, - деді Елена Безрукова.

Оның орталығы 10 000 тыңдаушыны, 60-тан астам компанияны, 1000-нан аса басшылар мен 50 бизнес-тренерлерін оқытып шығарды. Жаңа дағдылардың біздің жұмысты бұдан да кәсіби және нарықта бәсекеге қабілетті ететініне сенімдіміз.