News

Almaty resort-тың құрметті қонақтары үйлену тойларының 70-жылдығын шипажайда атап өтуді жоспарлап отыр

Аблаким Аубакиров пен  Раиса Идрисова шипажайдың ерекше қонақтары. Оларды Гиннес рекордтар кітабына кіргізуге әбден лайық. Жарасымды жұптың екеуі де Сарқанд қаласынан, бір жылда, бір күнде, яғни 1934 жылы 25 қазанда дүниеге келген және 66 жыл бойы бірге өмір сүріп келеді.

Аблаким Аубакирович  құрметті зейнеткер, Қазақстанның еңбегі сіңген ұстазы, оның үстіне француз тілінің маманы, Сарқандтың құрметті азаматы,  Дінмұхамед Қонаевпен 15 жыл қызметтес болған.

Раиса Идрисовна Журналистер одағының мүшесі. Бұл жұптың төрт баласы, алты немересі бар.

- Ең бастысы жақсы көре білу, және де біздің өміріміздің көп белестері тағдырымызға жазылғанды, - деді Аблаким Аубакиров.

- Кешірімді, төзімді болу, ымыраға келе білу керек. Сонымен бірге керекті жерінде мінез көрсету қажет, өзіңді құрметтей білу керек, сонда ғана ер азаматың бағалайтын болады, - деп толықтырып өтті Раиса Идрисовна.

Бұл ерекше жандар бірнеше үйлену тойының мерейтойларын атап өтті, енді «мызғымас» деп атап кеткен бұл құтты тойды ерлі-зайыптылар өздерінің сүйікті шипажайында тойлауды жоспарлап отыр.