News

Бізге 55

ҚР ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірі – «Almaty resort» шипажайы – бүгін өзінің 55-жылдығын атап өтуде!

Осы жылдар бойы, ештеңеге қарамастан, шипажай Қазақстанның барлық сауықтыру орындарының алдыңғы қатарлы, бірегейі бола білді.

2012 жылы 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесіне ие болды.

Шипажайдың «Ерекшелігі» 3000 метр тереңдіктен өндірілетін меншікті минералды су көзі болып табылатындығында; Тұзкөл көлінің емдік балшығы, 19 гектар жерді алып жатқан және мен мұндалап тұрған тәкаппар Алатау көрінетін ғажап саябақ. Айтпақшы, ғимараттың барлық бөлмелерінің терезелерінен саябақ пен тау көрінетіндей етіп арнайы жоба ойластырылған.  Бұл заманауи көпсалалы санаторлық-курорттық кешенде жыл сайын шамамен он мыңдай адам денсаулықтарын қалпына келтіріп демалады.