News

Шипажайда өткен Медициналық қызметкерлер күні

«Almaty resort» шипажайының 42 қызметкері Медициналық қызметкерлер күні құрметіне марапатталды. Олар ҚР Президенті Іс Басқармасы, «Оқжетпес» АҚ, кәсіподақ, «AMANAT» партиясы, сондай-ақ шипажай директоры Бекжан Ауановтан төсбелгілер мен грамоталарды иеленді. Дәстүр бойынша барлық марапатты ол өзі табыстады.

-Мен үшін әрбір марапат қымбат, -деді бекет медициналық мейірбикесі Айман Коккозова, -шипажайда еңбек етіп келе жатқаныма 12 жыл болды, жұмысым, ұжымым және осындағы тыныс-тіршіліктің барлығы, табиғаты өзіме ұнайды, және де біздің басты, төл мейрамымыз – бұл жылдық жұмысымыздың нәтижесі іспетті.  

Айман – біздің кешеннің тәжірибелі мейірбикелерінің бірі.

Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет демалушыларды анафилактикалық шошынудан және жүрек талмасынан аман алып қалды. Бәрі жақсы аяқталып, қиындық артта қалды.

Демалушылар оны ең көңілді және сүйкімді жан деп атайды.