News

ДЕМАЛЫС ОРНЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ

Біздің шипажайда сұлулық салоны жұмыс істейді. Онда демалып жүріп сәнді шаш үлгісін жасатуға, бояп, шашыңызды емдеуге, сәндеуге болады. Тағы да SPA- маникюр, педикюр, шугаринг жасатуға да тамаша мүмкіндік бар. Салонда массаж кабинеті де бар. Денені уқалап емдеудің маманы ересектер мен балалардың триггер нүктелерін тауып, сонымен бірге өз ісінің шебері испан косметикасы негізінде бетті балғын етіп жасартатын, теріні тартып беретін косметологиялық ем-шараларды қолданып мүсіндік массаж жасайды.