News

ШАЛТ ҚИМЫЛ ЖАСАП ЖҮЗУДІҢ ҚАУПІ ТУРАЛЫ

Президент Ісі Басқармасы Almaty resort шипажайының жаттықтырушысы Наталья Адаксина баланы немесе ересек адамды жағаға өзі  шықсын деп суға лақтырып ойнауға, яғни шалт қимыл жасап жүзуге түбегейлі қарсы. Біздің аталарымыздың мұндай спартандық әдісі өте қауіпті, адам суға батып кетуі, не өмір бақи шошынып қалуы мүмкін.

- Мен мұны кәсіби жаттықтырушы ретінде растаймын. Бала кездерінде суға лақтырған немесе суға батып кете жаздаған ересектермен жұмыс істеу өте қиын. Мұндай адамдар психологиялық жарақат алып қалады, олар судан қорқады және де адамның үрейден арылуына тіпті айлар қажет болады. Бала үшін бұл үлкен уайым. Бұл мәселеге жайбарақат қарауға болмайды. Суда өзін ұстауды қарапайым адамның үйретуі тіпті қажет емес деп есептеймін. Жүзуді кәсіби жаттықтырушылар үйрету керек, өйткені бұл өмірлік дағды, әрбір адам суда өзіне ие болуы тиіс, түрлі жағдайлардың  орын алуы ғажап емес.

Наталья Адаксина суастында жүзуден спорт шебері, жаттықтырушылық өтілі 20 жылдан асып жығылады. Оның ең жас шәкірті 4 жаста, ал ең үлкені 76 жаста. Өз ісінің шебері барлығына дерлік жүзуді үйретті. Наталья Адаксинаның сабақтарына бүкіл отбасымен түгел барады, көбі кейіннен келіп алғыстарын білдіріп жатады. Ол жаттығуды өте сақтықпен, әрі тиімді техниканы қолданып жүргізеді.