News

Қымбатты шипажай қонақтары!

Әр бейсенбі сайын біздің дәрігерлеріміз атақты «Omron» жапон корпорациясының өкілдерімен бірлесіп науқастар үшін емделушілер мектебін өткізетін болады. Мамандар небулайзерлерді, арнайы салмақ өлшегішті, қысым өлшеуді, миостимуляторларды, қадам өлшегішті және басқа да медициналық электронды құралдарды қалай қолдану керектігін үйретеді. Осы электр құралдарының барлығы да өміріміздің бір бөлігіне айналды және де өз денсаулығымыздағы өзгерістерді дер кезінде бақылап отыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өмір сүру сапасын жақсартады.

Алғашқы емделушілер мектебі фито-шай рәсімі кезінде өтті және бізді көптеген қонақтардың денсаулық сабағына қызығушылық білдіргені қуантады.