News

СИҚЫРЛЫ КҮШІ БАР СУ

 «Almaty resort» шипажайында  суда жүзу жаттықтырушысы, өз ісінің шебері Олег Борисенко еңбек етеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері тек жүзуді үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың ауыр сырқатынан кейін, тіпті жүре алмай қалған науқастарды да қалпына келтіреді.

- Мен дәрігер емеспін, тек адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесемін. Жүзу жолағында қырық жыл еңбек етіп келемін және де судың қаншалықты ғажап емдейтінін білемін. Адам өзін жеңіл сезіне алған кезде және бұлшық ет жұмысын қайта бастағанда судың әсері керемет болады, яғни адам су бетінде қалқып, рахат күй кешеді.

Жаттықтырушы әдісі инсульт және жарақат алғаннан кейінгі қалпына келтіруде үлкен септігін тигізеді.