News

ДОМБЫРА ТУРАЛЫ БІЗ БІЛЕ БЕРМЕЙТІН ҮШ ДЕРЕК ЖАЙЫНДА

«Almaty resort» шипажайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану профессоры Ерболат Мұстафаевтың домбыра музыкасынан (күйінен) дәріс-концерті өтті.  Атақты музыкатанушы қонақтар алдында домбырада танымал күйлерді тартып қана қойған жоқ, сонымен бірге қазақтың музыка аспабы туралы біз біле бермейтін деректер жайында әсерлі әңгімелеп берді. Өнертанушы 500 күйді жатқа біледі.

  1. 10 мың күй бар болса, оның 8 мыңы жылқыға арналған, 7 мыңы домбыра күйлері.
  2. Домбыраға шамамен 4 мың жыл.
  3. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Домбыра қазақтың ұлттық музыкасын айшықтайды», деп жазылған.
Біздің атақты қонақтарымыз тіпті демалыс орнында да концерт береді және демалушылар үшін дәріс оқиды.