News

ТІЛ ҮЙІРЕТІН БАУЫРСАҚ

Біздің қонақтарымыздың көпшілігі мейрамханалардағы тәтті тоқаштардың тіл үйіретінін көп айтады. Оны дайындаумен қырық жыл бойы бір адам – аспаз Қайникен Тенесбаева айналысады. Бірақ ұжымда оны мейірімділігі, жұмсақтығы мен қолының ашықтығы үшін Катя тәте немесе Касандра деп атайды. Біздің кешенде ол үздіксіз қырық жыл еңбек етіп келеді. Еңбек кітапшасында бір ғана жазба бар.

- Мен шипажайға техникумды аяқтай сала келдім де, осында қалып қойдым, менің бауырсақтарымның дәмді болуы – илейтін қамырыма байланысты, ол жағынан мен алдыма жан салмаймын. Маған «бауырсағыңыз жақсы көтеріледі, оған не қосасыз?», - деп жиі сұрайды. Оның еш құпиясы жоқ, мен қамырды қою етіп илемеймін және де жан-тәніммен дайындаймын, барымды саламын. Тағам дайындаудағы бұл бір ең маңызды дүние, - деп ағынан жарылды Қайникен апа.

Сондықтан, біздің шипажайдың тоқашын, бауырсағын, манты, тұшпарасын, лағманынан дәм ауыз тигенде, бұл асты біз айтқан қолы алтын әйелдің жан жүрегімен дайындайтынын біле жүріңіздер.