News

Команда жеңіске жетті!

Өткен демалыста «Almaty resort» сауықтыру кешенінің ұжымы команда құрып тимбилдингке тауға шықты. Таза ауада бейресми жағдайда демалып, уақытты қызық өткізу үшін 109 қызметкер жиналды. Біз 11 топқа бөлініп 15 күрделі тапсырманы орындадық, ол жерде тек тапқырлық қана емес, сонымен бірге мықты дене дайындығын көрсете білу керек болды. Ең қиынға түскені – жоғары биіктен допты таяқпен алып, бәріміз бір шаңғымен жүріп өту керек болған бекеттер. Бірақ командалар ойын шарттарын ойдағыдай орындап шықты, себебі ең бастысы – ойыншылар бірін-бірі қолдап, түсіне білді және берілген тапсырманы жұмыла орындады.