News

ӨЗІҢІЗ ТАҢДАҢЫЗ

Қазақстанда 20 қарашада президентті сайлайды. Барлық сайлау учаскесі жұмысын таңғы жетіден бастады. Олардың қатарында "Almaty resort" шипажайы да бар. Жалпы еліміз бойынша 10033 сайлау учаскесі ашық тұр.

Шипажай қонақтары таңертеңнен бері арнайы жәшікке келіп, үміткерлердің ішінен өздері таңдап, белгілеген маңызды құжат қағазды салуда. Кешендегі ақсақалымыз Жәки Кәкішев 91 жаста. Жасына қарамастан учаскеге келіп, өзінің азаматтық парызын өтеді. Қазақ елінің барлық азаматына өзінің әділ таңдауын жасауды тілейміз!