News

ҚР ПІБ МО «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА «БИОРС МЕДСКАНЕР» ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛДІ

«Almaty Resort» шипажайына жаңа технологиялы «БИОРС Медсканер» аппараты орнатылды. Аппарат нақты диагноз бергендіктен,  келушілер саны күннен күнге артып келеді. Velness (денсаулық) бағдарламалы кешеннің арқасында медициналық аппараттан 10 түрлі диагностикадан өтуге болады.
Биорезонанстық диагностика адам ағзасының магниттік өрістерінің спектральды талдамасына негізделген. Биорезонанстық тәсілінің мәні – қондырғының көмегімен денедегі биологиялық белсенді нүктелердің энергетикалық әлеуетін өлшеу.
Шипажайдың білікті дәрігерлері диагнозға қарап, тиісті емдік қабылдауды жазып береді. Шипажайдың базасы үлкен болғандықтан, емдік сауықтыру жағынан емделушілерге сапалы жағдай жасалады.
Алты ай ішінде диагностиканың осы тәсілін пайдаланып, жеті жүзге жуық адам емделген.