News

«ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-СУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АЯҚ-ҚОЛ АНГИОПАТИЯСЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА БІРЕГЕЙ ТӘСІЛІ ПАЙДА БОЛДЫ

Алатау баурайындағы «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының дәрігерлері пациенттерді сауықтыру үшін барын салып, үнемі жаңа тәсілдерге жүгініп отырады. Енді міне, электромагнит және бұрқақ ваннамен емдеу әдісін жаңа жылдан бері қолдана бастапты.
Ваннадағы арнайы судың қайнағандай бұрқылдап шығуы және оның денеге массаждай әсер етуінің маңызы зор. Бұрқақ ванна қан айналымын жақсартып, терідегі микроциркуляциялық үдеріске оң әсер береді. Буынның белсенділігін жоғарылатып, ауырсынғанды басады әрі көктамыр қанының қайтуына көмектеседі.
Ал электромагнит пен тұрақты магниттер энергияңызды қалпына келтіру және иммундық жүйені нығайту, ауырсынуды басу жағынан өте тиімді. Магнитттік өрістің әсерімен ағзадағы зат алмасу жақсарады. Эндогендік жылудың қалыптасуы, температураның көтерілуі, терінің тітіркенуі сияқты кері әсері болмайтыны дәлелденген. Сондықтан да жасы келген адамдар мен әлсіз науқастар да бұл ем-домды жақсы қабылдайды.