News

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ОҚ-ЖЕТПЕС» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ҮШІН ҒАНА ЕМЕС, РУХАНИ-МӘДЕНИ ОҢАЛТУ ҮШІН ДЕ ЕҢ ЖАҚСЫ ОРЫН

«Almaty Resort» емдеу-сауықтыру кешені 2023 жылдың басынан бері бос уақытты тиімді өткізу үшін мәдени бағдарламалар тізбегін кеңейтті. Енді қонақтар шипажайдың автобусымен Алматының театрлары мен көрмелеріне барып, көрнекі жерлерді аралай алады. Аралатып, таныстыратын шипажай қызметкерлері қаланың ерекше орындары туралы да айтып беретін болады.

Биылғы қаңтар айында 3 көрмеге тегін баруға болады. Оның ішінде Қастеев атындағы өнер мұражайы да бар. «Халық арена» және «Алм аты Арена» аумағындағы мұз айдынына да тегін баруға болады. Ал Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры шипажай қонақтарына өздерінің қойылымдарына билеттерді ұсынуға әрдайым дайын.

13012023--2.jpg13012023--3.jpg