News

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ УРОЛОГИЯЛЫҚ ПАТОЛОГИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ КЕШЕНДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІ ҰСЫНАДЫ

«Almaty Resort» кешенді диагностика өткізе алатын заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған.

Уролог дәрігер диагностикадан өткізгенде:⠀

- аурудың диагностикасына қарай емдеу тәсілдерін айтып, соның ішінде созылмалы ісік ауруларының физио-бальнеотерапия ем-домы жайлы кеңесін береді;⠀

- диагностикалық зерттеу: УЗИ ОМТ, УЗИ бүйрек, жыныстық инфекцияға зертханалық диагностика (ИФА және ПЦР), қуық түбі безінің қабынуына сараптама, спермограмма, урофлуометрия;⠀

- емдік манипуляциялар: қуыққа инстилляция, урета; қуыққа массаж.⠀

Емдеу-сауықтыру кешенінде бірден бірнеше физиотерапевтік шараны жүзеге асыратын кешенді физиотерапевтік Андрогин аппараты ұсынылады:⠀

- жарықдиодтық және лазерлік сәулемен төменгі интенсивтік әсер беру;

- ағзаға электростимуляция;

- түстіимпульстік әсер;

- магнитті терапия.⠀

Андрогин аппараты цистит, қуық безінің қабынуы, ерлер мен әйелдердің жыныс жүйесінің қабынуы, импотенцияға, белсіздік пен бедеулік, шыжың және т.б. ауруларға кешенді терапия жасағанда өте жоғары нәтиже береді.⠀

Бұдан бөлек емдеу-сауықтыру кешенінде физио және бальнеотерапия, балшықпен емдеу, фангопарафинді аппликация, гидротерапия, аппараттық физиотерапия қолданылады.⠀

Барлық кешенді шара ағзадағы айырбас үдерісін жылдамдату және созылмалы ауруларды емдеуге, қабынуға қарсы нәтиже беруге бағытталған.

05012023--2.jpg

05012023--3.jpg