News

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

Қатысушылардың ішінде 44 медициналық және емдеу-сауықтыру мекемелерінің өкілдері болды.

Кездесуді Астана қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту Басқармасының жетекшісі Ержан Балтабаев ашты.

ҚМТҚ өкілдері туризм және медицина өкілдерінің өзара салалық ынтымақтастығына бағытталған 2022 жылғы қызметтерін айтып, қазақстандық медициналық және шипажайлық демалыс компанияларына деген шетелдік туристердің сұранысын зерттеу қорытындысымен бөлісті.

Өздерінің қызметі аясында Қазақстандық медициналық туризм Қауымдастығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік барысында МВА және DBA мамандандырылған бағдарламасын жасап шығарған. Бұл әрине қазақстандық медициналық және емдеу-сауықтыру мекемелері менеджментінің сапасының жақсаруына әсерін тигізеді.

ҚМТҚ өкілдері қауымдастық жобаларын заңдық деңгейде қолдау және медициналық туризм қауымдастығымен ынтымақтастық тәртібіне қатысы бар мәселелерді қозғаған келесі жылға деген жоспарымен де бөлісті.

Сындарлы сұқбат өрбу үшін ешкімді мәжбүрлемейтін әдемі орта болғанының және қызықты тақырыптардың арқасында шараның басты мақсаты орындалды: ҚМТҚ қызметінің алдағы жұмыстарына бағыт берілді.

23122022-2.jpg