News

АНАҒА ҚҰРМЕТ

8 наурыз мерекесі аясында «Almaty Resort» шипажайында демалып жатқан бір топ қонақ қала шетіндегі «Анаға құрмет» музейіне барды.

Бүгінгі күні музейде алты жүзге жуық түрлі заттар, атап айтқанда, елімізге танымал әйелдерге қатысты түрлі материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдар бар. Олардың көпшілігін халық өз еркімен апарып тапсырған.

Шипажай басшылығы емделіп жатқан азаматтарды мұражай, театр және тағы басқа мәдени орындарға өздері апарып, өздері әкелуді дәстүрге айналдырған.

1.jpeg

2.jpeg