Treatment

Оңалту

CHECK-UP бағдарламалары

CHECK-UP – бұл бүгінгі күні болашақ денсаулығын ойлап, нақты қадамдар жасайтын адамдарға арналған бір күндік кешенді экспресс-зерттеу.

Диагностикадан өткен соң, дәрігерлердің қорытындысымен, талдаулар және зерттеулердің нәтижелерімен денсаулығыңыздың жағдайы туралы толық ақпарат аласыз.

Біздің санаторий CHECK-UP бағдарламаларының келесі түрлерін ұсынады:

  1. «Сау жүрек»
  2. «Бәрі де назарда»
  3. «Балалы болғымыз келеді»
  4. «Сау буындар»
  5. «Стоп инсульт».

«АКШ-тан, баллонды ангиопластикадан және стенттеуден кейін ЖИА науқастарын оңалту» бағдарламасы

Мамандардың консультациялары:

  • Кардиолог
  • Психотерапевт
  • Окулист
  • Физиотерапевт
  • ЕДК дәрігері
  • Емдәм дәрігері

Зертханалық зерттеулер:

  • Клиникалық қан талдауы
  • Жалпы зәр талдауы
  • Микрореакция
  • Коагулограмма (ХНҚ, ПТИ)
  • Б/х талдау (глюкоза, холестерин, иондалған кальций, калий, натрий, АлаТ, АсаТ)

Аспаптық зерттеулер:

  • ЭКГ (көрсетілімдер бойынша қосымша ЭКГ)
  • ЭКГ
  • Тредмил тест (ВЭМ сынамасы)
  • ЭКГ тәуліктік мониторлау
  • Сонымен бірге дәрі-дәрмектермен емдеу

Физиобальнеологиялық емшаралар:

  • Минералды су ішу
  • Құрғақ көмірқышқыл ванналары
  • Емдік ванналар немесе емдік душ (1 түрі)
  • Емдік массаж (бір аумаққа)
  • Галотерапия
  • Аппараттық физиотерапия (магнитотерапия, лазеротерапия, фонофорез)
  • Емдік жүзу
  • Климатотерапия
  • Терренкур
  • Емдәм терапиясы
  • Фитотерапия
  • ЕДК айналысу

«Науқастарды ми қан айналымының жіті бұзылуынан, бас сүйек-ми жарақатынан, миға жасалған операциядан кейін оңалту» бағдарламасы

Мамандардың консультациялары:

  • Невропатологтың бақылауы
  • Психотерапевт
  • Окулист
  • Физиотерапевт
  • ЕДК дәрігері
  • Емдәм дәрігері

Зерттеулер:

  • Клиникалық қан талдауы
  • Жалпы зәр талдауы
  • Микрореакция
  • Глюкоза
  • Холестерин
  • ЭКГ
  • ПТИ

Емдеу:

  • Құрғақ көмірқышқыл ванналары
  • Аппаратты физиотерапия (магнитотерапия, лазеротерапия, фонофорез)
  • Жылумен емдеу (парафин, балшық)
  • Қол мен аяққа арналған құйынды ванналар
  • Бассейн
  • Жүріс имитаторы ходьбы, «Редкорд» тренажеры, ортопедиялық тренажер (кезекпен)
  • ЕДК сабақтары
  • ИРТ
  • Дәрі-дәрмектермен емдеу (көрсетілімдер бойынша)

«Ағзаны жалпы сауықтыру» бағдарламасы (10 күн)

Көрсетілімдер: жүріс-тұрысы аз өмір салты, зат алмасудың бұзылуы, жұмыс қабілеттігінің төмендеуі, тыныс алу мүшелері, ас қорыту органдары, орталық нерв жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүрек-қантамыр жүйесі, несеп-жыныстық жүйе ауруларының ремиссиясы.

Бағдарламаның міндеттері: науқастардың жалпы жағдайын жақсарту, оларды жұмыс қабілеттігін арттыру, түрлі органдар мен жүйелер ауруларының алдын алу.

Зерттеу:

  • Клиникалық қан талдауы
  • Клиникалық зәр талдауы
  • Микрореакция
  • Қан биохимиясы, кешен
  • ЭКГ

Ем-шаралар:

  • Минералды ванналар
  • Галотерапия
  • Аппаратты физиотерапияның 1 түрі
  • Балшықпен емдеу (1 аумақ)
  • Флойтинг ванна
  • Бір аумаққа массаж
  • Емдік дене шынықтыру (топта)
  • Фитотерапия
  • Бювет
  • Самырсын бөшкесі
  • СПА капсула
  • Бассейн

«Тірек-қимыл аппаратының жарақаты мен ауруларынан кейін оңалту» бағдарламасы

Көрсетілімдер: иық, білек сүйегінің аурулары мен жарақаттары, аяқ (табан және тізе буындары) жарақаттары

Бағдарламаның міндеттері: ауырсыну және бұлшықет-тоникалық синдромын тоқтату, қозғалыс бұзылыстарын түзету, ауру қайталануының алдын алу, аурудың тұрақты ремиссиясына қол жеткізу. Жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру, қозғалысты үйлестіру, ағзаның барлық функционалдық мүмкіндіктерін жұмылдыру, өмір сапасын жақсарту.

Зерттеу:

  • Клиникалық қан талдауы
  • Жалпы зәр талдауы
  • Қан құрамындағы глюкоза мөлшері
  • Микрореакция
  • Несеп қышқылы
  • ЭКГ

Консультациялар:

  • Реабилитолог дәрігердің қарауы
  • Физиотерапевтің қарауы
  • Маман дәрігердің қарауы

Емдеу:

  • Камералық ванналар
  • Проблемалы аумаққа массаж жасау
  • Аппаратты физиотерапия
  • Жылумен емдеу

Буындарды үздіксіз пассивті жұмылдыруға арналған Artromot аппараты.

Байланыс деректері:

Шин Александр Афанасьевич – реабилитолог-дәрігер

+7 (727) 300-35-00, ішкі нөмірі 1015

Eye
Eye
Eye
Eye
Eye