News

Дүниежүзілік тазалық күні мен Алматының қала күніне орай өткен жалпықалалық сенбілікке қатысу

19 қыркүйекте Almaty Resort ұжымы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Дүниежүзілік тазалық күні мен Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Акцияға санаторийдің директоры мен құрылымдық бөлімше басшыларын қоса алғанда, 57 қызметкер қатысты. Түрксіб ауданындағы «Балалар» саябағында қатысушылар шамамен 2 гектар аумақты қураған жапырақтар мен бұтақтардан тазалап, 60 қап қоқыс жинады. Жалпы қалалық сенбілікке 50 мыңнан астам алматылық қатысты.