News

ДЕНДЕРІҢІЗ САУ БОЛСЫН!

«Almaty Resort» емдеу-сауықтыру кешені Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бес жұлдызды санаторийі болып табылады.

Біздің санаторий Іле Алатауының етегінде орналасқан, сонымен бірге әлемдік стандарттар бойынша ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, климатпен емдеу үйлестірілген, жайлылық пен қызмет көрсету сервисі жоғары дәрежелі, қазіргі заманғы бірегей емдеу-сауықтыру және оңалту кешені болады.

Отандық және шетелдік медициналық ғылым мен тәжірибенің үздік дәстүрлерін дамыта отырып, инновациялық медициналық технологиялар мен жаңа құрылғыларды пайдалану арқылы науқастарымызға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеміз.

Сіздерді келесі мамандар қабылдайды:

  • Терапевт;
  • физиотерапевт;
  • кардиолог;
  • гастроэнтеролог;
  • невропатолог;
  • гинеколог;
  • уролог;
  • емдәм дәрігері;
  • стоматолог – терапевт;
  • стоматолог – ортопед;
  • инемен емдеуші терапевт
  • реабилитолог
  • ЕДК дәрігері
  • пластикалық хирургтар
  • эндокринолог
  • педиатр
  • аллерголог