News

САНАТОРИЙ ТУРАЛЫ «VISIT ALMATY» ФИЛЬМІ

«Almaty Resort» санаториі заманауи көп бейінді санаторийлік-курорттық кешен болып табылады, онда Сіз жоғары сапалы медициналық қызметтер алып қана қоймай, сонымен бірге еуропалық стандарттар бойынша жасалған жайлы нөмірлерде тамаша демала аласыз.

Жеке емдеу сипаты - біздің медициналық және санаторийлік-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі. Біз әр науқастың жеке талаптары мен медициналық көрсетілімдері толық ескерілетін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз.

Біздің санаторий әлемдік стандарттарға сай ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Курорт Алматы қаласынан 3 км қашықтықта, Іле Алатауының етегінде, теңіз дейгейінен 1052 км биіктікте орналасқан. Серуендеуге арналған терренкурлары мен алуан түрлі ағаш өсетін тамаша орман алқабы бар аумағы тыныс алу жолдарын жақсартуға ықпал етеді. 3000 м тереңдікте өндірілетін меншік бұлағының минералды суының ерекшелігі табиғи йодтың 600-750 мкг/дм3 профилактикалық мөлшерінің болуында. Осы деңгейде су 42*С температурада шығады. Су арнайы қоймада сақталады және клиника ванналарына 36*С температурада беріледі.

Жеке емдеу сипаты - біздің медициналық және санаторлық-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі. Біз әр науқастың жеке талаптары мен медициналық көрсетілімдері толық ескерілетін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз.

Сапалы және тамаша демалу, сонымен бірге емдеу, тұру бағалары мен ережелері туралы қажет ақпаратты біздің сайтымыздан және әлеуметтік желілерден алуға болады. Барлық келіп түскен сұрақтарыңызға «Almaty Resort» санаторинің жетекші мамандары жауап береді.