News

Қазақстан халықтарының бірлігі Күнімен құттықтау

1 Мамыр Мемлекеттік мейрамы – Қазақстан халықтары Бірлігі Күні 1995 жылдың 18 қазанында белгіленді.

Кеңес уақытында 1 мамыр барлық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні ретінде атап өтілетін, ал қазір бұл көпұлтты Қазақстанды біріктіретін ең жарқын, шуақты мейрам. Оның бірегейлігі – біздің елімізде 150 халықтар мен ұлыстар өмір сүретіндігінде. Олар – қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және де көптеген басқа ұлттар мен ұлыстар. Барлық халықтар бірге бүкіл елдің ынтымақты халқын құрайды.

1 мамыр мейрам күні, жыл сайын көптеген мәдени орталықтар Қазақстан қалаларының орталық көшелерінде өз мәдениеті мен дәстүрін, билерін, әндерін көрсетуге шерулерге шығады, сондай-ақ іс-шаралар жарқын және ұмытылмастай болатын спорттық жарыстарға да қатысады.  Көптеген еңбек ұжымдары мен оқу орындары мұндай іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Мысалы, Алматы қаласындағы мәдениет және демалыс саябағының алдында этникалық ауылдар ұйымдастырылады. Онда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің үйлері орнатылады – киімдері, дәстүрлі бұйымдары, әшекей бұйымдары, ұлттық тағамдары қойылады. 

Біз Қазақстан халқы – біртұтас және татумыз, және де Қазақстанды біздің ортақ Отанымыз әрі оның болашағы біздің әрқайсымыздың қолымызда деп санаймыз.

Және де бүгін біз Сіздерді шын жүректен Қазақстан халықтары Бірлігі Күнімен құттықтағымыз келеді және Сіздерге тұрақтылық, үйлесімділікте өркендеуді, абырой мен құрметті сақтауды тілейміз.

Өзіміздің тарихымызды және қонақжайлылық пен достықтың жақсы дәстүрлерін мақтан тұтуға, өз Отанымызды сүюге және оның жақсаруына, таза және әдемі болуына күш саламыз, Қазақстанның патриоты болуға ұмтыламыз. Сонымен бірге денсаулық және молшылық, бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз.

Бастысы – күштің бірлікте, ал биліктің халықта екенін ұмытпайық!