News

9 Мамыр – Жеңіс Күні

77 жыл бұрын 9 мамыр адамзат тарихындағы ең қиратушы соғыстың Жеңісі деп белгіленді. Бұл күн – бүкіл халықтарды жоюдан құтқарып қалған жеңімпаздар ұрпағына деген мақтаныш және даңқ, шексіз алғыс айту күні болып танылды. Майдандастарынан айрылып, жүректеріне жара түскен біздің ардагерлеріміз жауыз дұшпанды жеңіп қана қойған жоқ, сонымен бірге соғыста қираған зауыттар мен фабрикаларды қайта қалпына келтірді, біздің өлкеміздің, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сенімді база құрды.

Жеңіс Күні қарсаңында Қазақстан мектептерінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген махаббаты, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өтеді.

Осы жылы Орал қаласының әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың атының берілгені – өте маңызды.

Экономикалық себептерге байланысты елімізде шерудің өткізілмейтініне қарамастан, Жеңіс Күнін атап өту – ардагерлерді құрметтеу, концерт қою, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою, «Жаужүрек полк» акциясын өткізу, теледидардан Ұлы Отан Соғысы туралы атақты фильмдерді көрсетіп, кең ауқымда өтетін болады.

Қазақстан астанасында соғыс батырларын еске алу құрметіне «Жаужүрек полк» акциясы онлайн-форматта өтеді. Мереке күндері Қазақстан астанасына «Жеңіс лентасы» логотипі қолданылып Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың суреттері сән беріп тұратын болады.

2022 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында  Ұлы Отан Соғысының 387 қатысушысы мен мүгедектері, сондай-ақ  Жеңіске өз үлестерін қосқан шамамен 113 мың ардагер тұрады. Олардың арасында — тыл еңбеккерлері, ардагерлердің жұбайлары мен жесірлері, соғыс балалары бар. Олардың ешқайсысы да ұмытылмайды, еліміздің түкпір-түкпірінде ендігі мерекеге дайындаған естелік іс-шаралар басталып та кетті.

Бұл – біздің алтын қорымыз.

Алматыда қамқорлыққа алынған бар болғаны 69 Ұлы Отан Соғысы ұрыстарына қатысушы қалды. Еңбек алдыңғы шебінде болған қатысушылар саны 12 мың адамнан асады.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыда Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне 1 млн. теңгеден немесе 2 мың доллардан аса ақшалай сыйлық берілетінін хабарлады.

 «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ «Алматы»  Филиалы жыл сайын ҰОС ардагерлерін Жеңіс Күнімен мекен-жайларына барып құттықтайды. Осылайша, майданда от кешкен және бұл соғыста Жеңіске жету үшін барлық мүмкін және мүмкін еместің бәрін жасаған, рухы мен еркінің керемет күшін көрсете отырып, аштыққа, суыққа, өлімге мойымай, Отаны үшін қасық қаны қалғанша беріспеген батырларымызға перзенттік алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерге деген құрмет – ұрпақтардың қасиетті парызы.

Жеңіс мейрамы құтты болсын!