News

ШИПАЖАЙ ХАНЫМДАРЫ

Бүгін біздің шипажайда Халықаралық медбикелер күні мерекесімен мейірбикелерді құрметтеп құттықтады. "Almaty resort" шипажайында бар болғаны 48 мейірбике жұмыс істейді. Бәрінен де ең ұзақ уақыт – 39 жыл бойы тапжылмай, бір жерде еңбек етіп келе жатқан –  Жәмилә Садықова. Оның еңбек кітапшасында бір ғана жазба бар.


-1983 жылдың мамыр айында келдім де, осында бұл жердің ауасын ұнатып  қалып қойдым, біздің шипажайдың ауа-райы ешқашан өзгермейді. Әлі есімде, көптеген саясаткерлерге, мәдениет қайраткерлері Асанәлі Әшімовке, Юрий Померанцевке, Роза Бағлановаға, Олжас Сүлейменовке  түрлі ем-шаралар жасадым. Осылай қызықты жылдарым өте шығыпты, мен тіпті байқамай да қалыппын.

Демалушылардың тағы бір сүйікті үйлестіруші – медбикесі Кербез Абиналкызы, «Тілектер кітабында» қалдырылған алғыстың көбі осы кісіге арналған. Ол қонақтардың барлығының есімдерін біледі, ем-шара қабылдап жатқан аналардың балаларын қарап береді, ол тіпті аяқ-киім жабынын да әкеліп бере қояды.


- Мен әр науқасты қолдап жүремін, себебі олар мұнда өмірдің түрлі қиындықтарынан арылуға келеді. Ал менің оларға көмектескім келіп тұрады. Өзімнің жеке мәселелерімді шипажайдың сыртында қалдырып кетемін. Біздің шипажайға қарасаң көзің тояды, жан-жағымыздың барлығы тұнып тұрған сұлулық,  саф алтындай таза ауа. Мен осы сұлулықты тамашалап жүріп жұмыстан шаршамаймын да. Керек десеңіз, мұнда мейрамға келгендей қуанышпен келемін.

Міне, біздің шипажай ұжымында осындай тамаша, еңбекқор мейірбикелер қызмет етеді. Олардың кәсіби төл мерекелерімен директордың орынбасары Салтанат Бейсембаева құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.