News

ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ

Біздің шипажайда «Гүлдер» ансамблін ең алғашқы құрған танымал тұлғалардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Алтынбүбі Омарбекова демалып жатыр. Ансамбльде ол 1969 жылғы 26 қазандағы алғашқы қойылымнан бері 25 жыл өнер көрсеткен.

- Әрине, қазір бұған сену қиын, алайда көрермендер біздің концерттерге есікті сындырардай кіретін, біз әлемнің көптеген жерін араладық, Қазақстандағы сән әлемін бірінші болып мойындатқан әйелдерміз, елге мини-юбка, кең балақты шалбарды, қымбат тонды әкелген біздер едік деп – еске алады Алтынбүбі Омарбекова. 

- Қазақстанның барлық атақты әншілері өз шығармашылықтарын «Гүлдерден» бастаған, бұл нағыз кордебалет еді. «Тақиялы періште» фильміне бізді кездейсоқ шақырмаған болатын. Біз «Одисей» әніне билегенбіз, түсірілім АМҮ-де өтті, бәрі көңілді өтетін, біз көп әзілдесіп, жарқылдап жүретінбіз. Соның нәтижесінде осы белгілі бейнебаян оңай түсірілді. Кейіннен мені басқа да фильмдерге шақырды, бірақ әкімшілік жібермеді, өйткені сахнада да жұмыс өте көп болатын.

 «Гүлдерден» кейін биші  өз «Алтынбүбі» ансамблін құрды.  Концерттерімен әлемнің 12 елінде өнер көрсетті, кейіннен шығармашылығын тоқтатты. Ол әлі күнге дейін тамаша қалпын сақтаған. «Almaty resort» шипажайына денсаулығын жақсартып отыру үшін жиі келіп тұрады. 

- Егер адам өз ісін, жалпы өмірді сүйетін болса, онда ол әрқашан жақсы қалыпта жүреді. Ал мен, Алматына өте жақсы көремін, және де қаламыздың мәдени астанасы деген мәртебесі қайта оралса екен деп шын жүрегіммен тілеймін, -  деп ағынан жарылды Алтынбүбі Омарбекова.