News

БОКС ӘДІСІН МЕҢГЕРГЕН ҚҰТҚАРУШЫ

Бұл сымбатты жігіттің есімі Қайнар Оңғарбек.  Ол біздің шипажайдың жүзу әуітінде құтқарушы болып жұмыс істейді.  Жақында Қайнар  бокстан беделді халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.  Ол Спорт шеберлігіне кандидат, бірақ бұл оның жүзу әуітіндегі өз міндеттерін шеберлікпен орындауына кедергі жасамайды. Керісінше, бокстың жылдам әдісі мен шапшаңдығы оның дереу шешім қабылдауына, тез әрекет етуіне ықпал етеді.

-Біздің құтқарушылар әрдайым сақ жүреді. Менің өзім зейнеттегі әйел кісіні және кішкентай баланы судан шығарып алғаным бар еді.  Жазғы ауысым басталар алдында, жазғы жүзу әуіті өз жұмысына кірісерде демалушылардың есіне тағы да суда өте сақ болуды ескерткім келеді.