News

«Almaty resort» шипажайында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың шығармашылық кеші өтті.

«Almaty resort» шипажайында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың шығармашылық кеші өтті.

Алдымен қонақтар «Еңбек адамы, театр және кино актеры» атты деректі фильмді тамашалады, ал соңынан залда жиналған көрермен аңыз адамға оның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақ қойып, өз  тілектерін білдірді.

Асанәлі Әшімов біздің шипажайдың тұрақты қонағы және де ол өнеріне тәнті көпшілікке өз құрметін білдіре отырып, олармен кездесіп қана қойған жоқ, сонымен бірге шипажай кітапханасына өмірбаяны туралы үш кітабын сыйға тартты.  

Алдағы күндерде «Almaty resort» шипажайында кино көрсетілімдері мен әсерлі кездесулер өтпек.