News

Біздің шипажайда Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева денсаулығын қаратып, емделіп жатыр

Біздің шипажайда Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева денсаулығын қаратып, емделіп жатыр. Ол «Almaty resort» шипажайында әзірленетін тағамның дәмді, әрі пайдалы екенін, медициналық күту және оңалту қызметінің қамқорлықпен көрсетілетінін атап айтты. Жасалған күрделі отаға қарамастан әнші әдемі әзілі мен көтеріңкі көңіл-күйін жоғалтпаған.

- Маған демалудың қажеті жоқ, менің мінезім өзі сондай, мен жалқау адаммын, сондықтан менімен өбектеп сөйлескенді ұнатпаймын.

Соңғы ауыр жылдарды жақсы өткіздім, үйден сабақ бердім, қашықтан оқытудың оқу емес екені анық, кейбір студенттерімнің әнді нашар айта бастағанын мойындау керек. Алайда, болып жатқан жағдайларға бейімделіп, өмір сүруді және еңбек етуді жалғастыру қажет.

Біз әншінің сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспіз және де қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз дегіміз келеді.