News

СҮЛІКТІҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

Бүгін біз сүлікпен емдеудің ежелгі әдісі туралы айтатын боламыз. Гирудотерапия екі мың жылдан астам уақыт бойы Ежелгі Грецияда, Үндістанда, Египетте, Қытайда қолданылған. Оларды семіздікпен күресуге, жүректі, қан тамырларын емдеуге, ентігуге, тіпті бедеулікпен күресу үшін қолданған. Бастапқы кезде сүліктерді қан шығару әсері үшін бағалаған, бірақ 20-шы ғасырдың 90-шы жылдарында ғана ғалымдар сүлікпен емдеудің себебі – бұл құрамында 15-тен аса биоактивті заттар бар құрттың сілекейі екендігін анықтаған. Міне сондықтан да әлемнің көптеген елдерінде сүліктер ресми түрде дәрілік заттар ретінде танылды.

Біздің шипажайда сүліктерді барлық санитарлық нормаларды ескере отырып тек бір рет пайдаланады. Ем-шара жасау шамамен бір сағатқа созылады, дәрігер 6,10 сүлікті қолданады. Олардың әрқайсысы 5 мл-ге дейін қан соруы мүмкін.

Әсіресе бұл ковидтен кейінгі оңалту бағдарламасында өзекті болды, өйткені олар тромбоздың алдын алады. Толығырақ ақпаратты біздің медициналық бөлімшеден мына (727)300 35 00 телефон нөмірі бойынша ала аласыздар.