News

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АДАМ

Біздің шипажайда аты аңызға айналған адам демалып жатыр.

Ардагер Ізгілік Дабаев биылғы жылы 100-ге келеді, бірақ ол тамаша қалпында. Ізгілік ата Мәскеуден Берлинге дейін соғыста болған, үш рет жараланған, контузия алған, Бауыржан Момышұлын, Климент Ворошиловты, Георгий Маленковты көрген. Ол Леонид Брежневпен, Дінмұхаммед Қонаевпен бірге жұмыс істеген. Тіпті Джавахарлал Неруді күтіп алған.  

Мемлекет басшыларынан 30 құттықтау хатын алған. Қасым-Жомарт Тоқаевтан естелікке есімі жазылып берілген қол сағатты тіпті ауруханада жатқанда да қолынан шешпейді. Аңыз  ата  КСРО журналистер одағының мүшесі, өмір бойы Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің марапаттау бөлімін басқарған. Елдегі атақ атаулының барлығы өзінің қолынан өткенін айтып еске алады. Біздің шипажай құрылғалы бері ардагер осында келіп демалады және де қаншама жылдар бойы басқа демалыс орнына барған емес, тек бізге келеді. Шипажай директоры Яков Стерлигов батырға арнайы жолығып,  ізгі ниетін білдірді.