Жазым дегенің аяқ астынан. Кенет аяғың тайып құлап, қол-аяғыңды сындырып аласың. Я болмаса, жұмыс барысында жазатайым мертігіп қаласың. Операция, ұзақ уақыт емделу деген сияқты машақат басталады. Инсульттен кейін де солай. Аяқтан тұрып кету қиынның қиыны. Бірден оңалып кету оңай емес. «Орнында бар оңалар» деген қазақ. Денсаулығыңды қалпына келтіру үшін өзіңізге салғырт қарамай, арнайы маманмен ақылдасып, дәрігермен кеңескен жөн.
Қазір «Almaty Resort» шипажайында емделуші азаматтарды пассивті жаттығу құралдарымен арнайы курстардан өткізіп келеді.
Сөзіміз дәйекті болуы үшін цифрге үңілсек. Биылғы қаңтардан бергі үш айда аяқ-қолым, буыным қақсады деп 698, қан айналысы нашарлап кетті деп 821 адам емдеу-оңалту бөліміне келген. Тағы басқа ауру-сырқауларымен жүгінгендер де баршылық. Солардың ішінде нақты ем-дом алуға келіскен 1015 адамның барлығы да оңалту бөліміне аурумен кіріп, курстан өткен соң құлан таза айығып шыққан. Яки 100% нәтиже!
Ал жарақаттан кейін арнайы оңалу залына барған 128 науқастың бәрі де жазылып шығыпты. Реабилитолог дәрігер Александр Шиннің айтуынша, науқастардың көбі тізесіне немесе жамбасына протез салдырғандар. «Сонымен қатар аяғы мен қолы сынып, кейін гипсін алдырған соң ауырсынып жүрген азаматтар осында келіп жаттығулардан соң оңалып кетуде», - дейді Александр Афанасийұлы.
«Almaty Resort» шипажайы МӘМС бойынша да, ақылы түрде де азаматтарды қабылдай береді.