News

Бьюти-лайфхактар

Бүгін халықаралық косметолог күні біз Сіздерге SPA-resort шебері Эльмира Алиеваның бьюти-лайфхактарын ұсынамыз:

Беттеріңізді жиі демалтып, босаңсытып отырыңыздар, мезгілінен ерте ым,қимыл әжімдерін түсірмес үшін көздеріңізді азырақ қысып, қабақтарыңызды түсірмей жүргендеріңіз абзал.

Таңертең салқын сумен жуыныңыздар,бұл ұйқыны ашудың тамаша тәсілі, сонымен бірге беттің ісінгенін басады және қан айналымын жақсартады.

Аш қарынға бір стақан лимон және көкөністерден әзірленген  ақуызды таңғы ас терінің қартаюын бәсеңдетуге көмектеседі.

Және де косметологтан кешенді көмек алуды, мәселен, біздің кабинетке келіп лимфодренажды  массаж бен бетке түрлі ем-шара (маска) жасауды ұмытпаңыздар.