News

Үздік қызметкерлер

Бүгін сіздерді шипажайымыздың еңбекқор қызметкері Эльдармен таныстырғымыз келеді. Оған себеп – қонақтарымыздың желіде жазған пікірлері.

Суреттегі жігіт Эльдар Қашқымбаев есімді даяшы. Біздің мейрамханада жұмыс істеп бастағанына бірнеше айдың жүзі ғана болғанына қарамастан, демалушылар оның еңбекқорлығына, мейірімділігіне және құрақ ұшып тұратын елгезектігіне тәнті.

Қонақтарымыз Эльдарды жылдам қимылдайтыны үшін және жұмысына деген жауапкершілігі үшін ерекше жақсы көріп кетті. Ол волейболдан кәсіби спортшы, Алматы гуманитарлық университетінде оқиды және келешекте жаттықтырушы болу жоспарында бар.