News

СУББОТНИК

"Almaty resort" шипажайында әдеткі сенбілік болды. Кешен 55 жыл бұрын  құрылғалы бері болып келе жатқан дәстүр. Басшылықтан бастап, барлық бөлім қызметкерлері қолдарына күрек пен сыпыртқы алып, қоқысты қаптап, бақты тазалап шығады. Сенбілікті тимбилдингпен салыстыруға да болады. Яғни қызметкерлер жұмысында өздеріне қолайлы жағдай жасайды. Таза ауадағы тимбилдинг дәмді палаумен аяқталды.