News

«ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА COVID-ТЕН КЕЙІН АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

«Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығында дәрігерлер коронавирустан кейін ағзасы әлсіреген пациенттерді оңалтудың жолын тапқан. Ғылыми тілмен айтқанда, астениялық симптомдары бар постковидті синдромды (long-covid) оңалтудың кешенді бағдарламасында флойтинг ваннасын электрофорез NaBr-мен қолданады.
Белгілі болғандай індетті жұқтырып кейін одан жазылғаныңызбен, вирус денеңіздегі қалыпты жұмысты бұзады. Адамдар көбіне ойлау жүйесінің нашарлағанын, оның ішінде ойын жинақтай алмауы, ойының шашыраңқы болуы және жадта сақтау қабілетінің нашарлағанын, яғни ұмытшақ болып бара жатқанын айтады. Сондай-ақ көңіл-күйдің бұзылғанын, шым-шытырық түс көре бастағандарын айтып шағымданады. Мұның бәрі ковидтен кейінгі астениялық жағдай.
«Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының дәрігері емдеуді тағайындаған соң, бір апта, ары кетсе он күннің ішінде астениялық симптом тоқтайды. Тарқатып айтсақ, дәрілік терапияны, физиотерапияны, рефлексологияны, психотерапияны қамтитын кешенді тәсілдің арқасында астениялық жағдай жақсарады. Дәрігерлердің жаңа тәсілі – NaBr қоспалы электрофорезі бар флойтинг ваннасының арқасында сауықтыру.
Бүгінде Алматыдағы емдеу-сауықтыру орталығына келіп, коронавирус індетінен кейін көмек сұраған 50-ге тарта адамның бәрі осы тәсілдің арқасында толық оңалды.