News

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ОҚ-ЖЕТПЕС» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АҚ «АЛМАТЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2022 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Басшысы Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқ-Жетпес» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының ұжымына жаңа директор – Гүлжанат Бугубаеваны таныстырды.

1990 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Қоғамдық тамақтандыру инженер-технологы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2012 жылы Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдап, Экономика ғылымдарының магистрі біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1990 жылы 4-разрядты аспазшы, Талды-Қорған асханалар мен мейрамханалар тресі шаруашылық есеп мейрамханасының инженер-технологы, «Қамбар» фирмасының дүкен меңгерушісі, «Дастархан» ЖШС кафе меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» мемлекеттік кәсіпорнының жолаушыларды тамақтандыру бөлімінің бастығы, «Сұлтан Бейбарыс» қонақүйінің атқарушы директоры, «Люксор ойын-сауық кешенінің директоры, Астанадағы «Панда» ойын-сауық кешенінің директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы жүйесінде «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» қоғамдық тамақтандыру бөлімінің басшысы, «Қараөткел» ресми іс-шараларды басқару және қоғамдық тамақтандыруды жүйесін дамыту бөлімінің басшысы, Астана қалалық «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» директорының орынбасары және бренд-аспазы, қоғамдық тамақтандыру қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ Алматы филиалының басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен және алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталған.

14122022-3.jpg