News

АЛМАТЫ КУРАРТЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Кеше, 2019 жылғы 26 тамызда Қытайдың Халықаралық медициналық туризм қауымдастығының президенті – доктор Цзя Сяо Фанмен кездесу өтті.

Кездесуде «Алматы» шипажайының медицина қызметкерлері әртүрлі ота түрлерінен кейін науқастарды санаториялық-курорттық емдеу мен оңалтудың инновациялық әдістерін көрсетті.

Доктор Цзя Сяо Фан науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтерді жоғары бағалады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы медициналық туризмді дамыту ғана емес, Қытайдан «Алматы» курортына пациенттерді жіберу тетіктері әзірленді.