News

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ «АЛМАТЫ РЕЗОРТТА»

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласынан Алматыға медицина саласының мамандары мен ең мықты деген доктор ғалымдары келді. 


Ол елде пластикалық хирургияның жақсы дамығанын естігенбіз. Бізді қызықтырғаны  бет-әлпетіңді өзгерту ғана емес, хирургия, нейрохирургия және отбасылық медицина тақырыбы болды.


Біздің дәрігерлер мен мамандар олардан бедеулікті емдеу, гинекология және медициналық туризм саласынан дәріс-кеңес алды. 


Сондықтан да басқосудың, тәжірибе алмасудың өткізілген орны осы сала әбден жолға қойылған «Almaty Resort» шипажайы болуы да заңдылық. Корейлер шипажайда медициналық туризмге қатысты көрмені де көрсетті. Көрсетіп қана қоймай, алдарына барған алматылықтарға тегін кеңес беріп жатты.