News

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

2023 жылғы 6-10 қарашада Маңғыстау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтті.

 Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.

Сапар барысында, Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының базасында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ біріккен санаторийлер қызметі өкілдері санаторийлер желісінде емдеуді ұйымдастырудың қызметтері мен шарттары туралы таныстыру презентациясын өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.