News

ALMATY RESORT ШИПАЖАЙЫНА КЕЛІП ЖАТТЫҒЫҢЫЗ!


«Денсаулығыңды қалпына келтіру үшін жүру керек. Ал жүгіру – жүрегі ауыратын адамдарға керісінше зиян. Жүргенде жай жүрмей, тез, жылдам, шапшаң жүрсеңіз, қан айналымы жақсарады әрі денедегі артық майды тезірек жоясыз», - дейді скандинавтық жүріс шебері Ольга.

Қолға таяқ ұстап, онымен жер тіреп жүргенде тек қол, иыққа ғана емес, бүкіл денеге әсері болады.

«Almaty Resort» шипажайында спорт шебері Ольга келген халыққа скандинавтық жүрісті үйрете бастады. Келушілердің, яғни денсаулығына бейжай қарағысы келмейтіндердің қарасы мол.

Кесте бойынша аптасына екі рет, яки сейсенбі және бейсенбі күні 15:00-ден 16:30-ға дейін бір жарым сағат бойы скандинавша жүресіз.

Саф ауада денсаулығыңызды жақсартамын десеңіз, медициналық блокқа уақытында келіңіз!