News

Бала – бауыр еті

Наурыз мейрамына орай «Almaty Resort» шипажайы «Жанұя» балалар үйінің бүлдіршіндерін қонаққа шақырды☺️

Қызметкерлер оларға шипажайды аралатып, таныстырды. Балалар фито шайдан ауыз тиген соң сенсорлық бөлмені көріп, тұз шахтасын тамашалады. Содан кейін «Мия және оның ақ Арыстаны» деген көркем фильмді 25 баланың бәрі бірге отырып көрді ????️Кинодан соң спорт кешенімен танысып, ондағы жүзу бассейніне асыға барды ????‍♀️
Өйткені олардың көбі жүзуге ынтық екен. Судан шыққан соң шипажай қызметкерлері өздері жайған дастарқанға отырғызды ????

«Almaty Resort» қызметкерлері өздері дастарқан жайып қана қоймай, балалар әдебиеті және басқа да сыйлыққа толы дорба үлестірді.

Қасиетті рамазан айындағы балаларға жасаған шипажай қызметкерлерінің жақсылығы үлкен сауап болары сөзсіз????

«Бала – бауыр еті». Ендеше жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қазақ, яғни шипажай ұжымы мұндай қайырымдылық шарасын бұрын да ұйымдастырған, болашақта да жасай бермек.