News

«ALMATY RESORT» ШИПАЖАЙЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚОСЫЛДЫ

ҚР ПІБ МО "Almaty Resort" шипажайы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын қолдап, қызметкерлер үшін сенбілік ұйымдастырды.

Инженерлік-шаруашылық қызметінің басшысы Евгений Чудин акцияға қатысу экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын айтып, сонымен қатар, үлкен және тату ұжымның корпоративтік рухын нығайтатынын атап өтті.

Көтеріңкі көңіл-күймен емдеу-сауықтыру кешенінің басшылығынан бастап, мейірбике қызметкерлері, тамақтану бөлімі және шаруашылық бөлімі қызметкерлеріне дейін барлығы сенбілікке белсене қатысып, аумақты құлаған жапырақтардан, қоқыстардан және құрғақ бұтақтардан тазартты.

Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалпыға ортақ еңбек тұжырымдамасын қолдайды. "Almaty Resort" жыл сайын өз қызметкерлерін тарта отырып, табиғатты қорғау бастамаларына дәстүрлі түрде қатысады.

Экологиялық акцияның қорытындысы бойынша шипажай ұжымы шамамен 15000 м2 іргелес аумақты ретке келтірді. Құрғақ жапырақтардың, бұтақтардың және қоқыстардан 2 көлік жиналды.

IMG_3322.JPG IMG_3325.JPG IMG_3326.JPG IMG_3327.JPG IMG_3328.JPG IMG_3330.JPG IMG_3323.JPG IMG_3343.JPG