News

ШИПАЖАЙДА АМЕРИКАЛЫҚ КИНОРЕЖИССЕР ОЛИВЕР СТОУННЫҢ «QAZAQ HISTORY OF THE GOLDEN MAN» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ТҮСІРІЛІМІ ӨТТІ

«QAZAQ history of the golden man» - бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі таспа. Фильмге қосымша сегіз сериядан тұратын серия бар.

Фильмнің продюсері кино шебері Оливер Стоун, картинаның режиссері Игорь Лопатенок, сонымен қатар продюсерлер Вера Томилова мен Игорь Кобзев. Картинаның ресми тұсаукесері күзде болады. Фильм қазан айында Рим кинофестивалінде де ұсынылады.

Деректі фильм 19 ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде түсірілді. Соның бірі Бурабайдағы «Оқжетпес» сауықтыру кешені.

Қызықты ақпарат: Фильм продюсері түсірілім кезінде Covid-19-бен ауырып, біздің шипажайға оңалтуға келеді. Сауықтыру емі кезінде ол шипажайдың қалыптасу тарихын, емдеу факторларын зерттеп, «Оқжетпес» туралы серияны толықтырған.

Деректі фильмнің трейлерін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз:

https://youtu.be/uHiFx_MiwDI