News

Жүрекке салмақ түсірмеңіз!

Соңғы жылдары жүрегі, қан айналымы, яғни қан қысымы нашарлаған орта жастағы азаматтар көбейіп барады.

Бұрын тек 50- 60 жастан асқан науқастар ғана жүрек тұсының ауырғанына, қан қысымының көтерілуіне шағымданатын болса, соңғы 3-4 жылда 40 жастан асқан науқастардың да көбірек шағымдануы тіркеліп отыр.

Мәселен 2023ж. мәліметтерге қарасақ, «Almaty Resort» шипажайына барып, демалып әрі емделіп жатқан науқастардың 60% жүрек-қантамыр жүйесінде ақау бары анықталған. Пайызға шақсақ, 36% 65 жастан асқандар болса, 30% 50-65 жас аралығында, ал 26% 40-50 жас аралығы және 8% 40 жасқа дейінгі науқастар болып шыққан.

Шипажайдағы жоғары санатты дәрігер кардиологы Ботагөз Бақтұрқызының айтуынша, көмек сұраған әр науқастың ерекшелігіне қарай ем тағайындалады. Демалушы тек аурудың алдын алу үшін келген болса, шипажайда ол бағытта емдік шаралар кең ауқымда. Егер науқас ауырып келген болса, дәрі-дәрмектік емнен бастаймыз, кейін денсаулығы қалпына келгеннен кейін физио ем, тоқпен, балшықпен емдеу т.с.с ем түрлерін қосып, сауығып шығуына үлкен үлесімізді қосамыз, - дейді. Оңалуға келген азаматтарға «Редкорд», «Артромот», «Тр.Бубновский» атты жаттығу аппараттары арқылы шара қолданады.

Сонымен қатар ЖҚЖ ауруларының алдын алу мақсатында биыл «сутектік ингаляция» емдеу тәсілі енгізілген. Яғни антиагреганттар (кардиомагнил, тромбо асс, тромбопол, аспиринкардио) орнына «сутекпен булаудың» бір курсын алып өте жақсы нәтижеге жетуге болады.

Жалпы жыл басынан бері I тоқсанда «Almaty Resort» шипажайында 426 адам жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бойынша емделген. Оның ішінде әртүрлі категорияда тіркелген демалушылар да бар. Ал 2023ж. мәліметтер бойынша 2 372 демалушы жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бойынша ем-дом алған екен. Мұның ішінде жүрек қан-тамыр жүйесіне ота жасалған науқастар және стационарлық ем алған нақастар да тіркелген.

IMG_9325.JPG

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің 2006ж. түлегі Ботагөз Дүйсеннің кардиология саласында қызмет етіп жүргеніне 17 жылдай уақыт болыпты. «Осы салада жұмыс істеп жүрген талай жылда ұғынғаным, науқас азаматтардың көбі әбден сырқаттанып, емделмесе болмайтындай жағдайға жеткенде ғана келеді. Ал біздің шипажайдың басқа шипажайлардан ерекшелігі – стационарлық шипажаймыз. Яғни біз аурудың алу мақсатында, стационарлық ем көрсету және де реабилитация жүргіземіз. Осындай жан-жақты көмек көрсете алатын орталықта жұмыс жасайтыным маған ерекше күш-қуат береді. «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» демекші, емделіп, жазылып шыққан науқастардың батасына бөленіп отырудан асқан бақыт жоқ. Армандаған арманыма, көздеген мақсатыма жету – мен үшін осы!» - дейді Ботагөз Бақтұрқызы.